EGOV.KZ.-ТІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кезекті акциясы қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындардың бірі «Жібек жолы» ойын-сауда орталығында өтті.
Акцияның басты мақсаты - мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттау болды.
- Шара барысында сауда орталығына келушілерге ақпараттық парақшалар таратылып, электронды порталарқылы қызмет алудың тиімділігі мен тәсілдері насихатталды. Сонымен қатар, қала тұрғындары өздері egov.kz. арқылы анықтама алып көрді, - дейді құжан қабылдау бөлімінің маманы Нұрсұлтан Тілеужанов. – Ол үшін өз өзіне қызмет көрсету бұрышы жасақталып, қызығушылық танытқан орталық қонақтары картрейдер арқылы жұмыс жасап көрді.
- Мен электронды порталды естігенім болмаса, өзім бұл қызмет түрін пайдаланып көрмеппін. Анықтама немесе бсқа да құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО –ларға жүгінемін. Бүгін мамандардың үйретуімен өз өзіме қызмет көрсетіп, анықтама алып көрдім. Бұның оңай әрі тез екеніне қуанып отырмын. Енді барлық таныстарыма үйрететін боламын, - дейді қала тұрғыны Майра Сартайқызы.