ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сипоптиктердің ақпаратына қарағанда, 23 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік- батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды.
23-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күн күркіреп, найзағай ойнайды.
23 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал