ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ТАПСЫРҒАНЫ ҮШІН АҚША ТӨЛЕНЕДІ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруымен және жарылғыш заттарымен орын алатын тәртіп бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының аумағында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өтетін болады. Осы өткізілгелі отырған акция жайлы мол ақпарат алу үшін интернет-конференцияға Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Лицензиялау және қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Мұхтаров Берік Сыздықұлы қатысуда. Интернет қолданушылардан келіп түскен сұрақтар саны – 8.
1-сұрақ. Газды травматикалық қаруды өткізу үшін қайда және кімге өтініш білдіру қажет? Осы өтініш білдіру тәртібі жайлы түсіндіріп өтсеңіз.
Жауап: 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан ішкі істер бөлімдеріне келіп, тиісті құжаттарын өткізу арқылы өзінің иелігінде заңсыз қару-жарақты ерікті түрде тапсыруға болады. Осыған орай, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен қопарғыш заттарды өз еркімен өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеміз.
2-сұрақ. Газды травматикалық қаруды өткізу үшін қандай құжаттар керек?
Жауап: Газды травматикалық қаруды тапсыру үшін төмендегі құжаттар тізбесі қажет:
1) белгіленген нысандағы қару-жарақты ерікті түрде тапсыру туралы өтініш;
2) қаруды сақтау және алып жүру құқығы берілген рұқсаттың түпнұсқасы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) банк есепшотының нөмірі туралы мәлімет;
Ескерте кететін жайт, егер қару иесі қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгені туралы түбіртек ұсынылады.
3-сұрақ. Травматикалық қаруға қанша көлемде ақша төленеді?
Жауап. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы №1145 қаулысымен бекітілген. Яғни, комиссия ұсынылған материалдарды қарайды, осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қарудың санатын, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшерін айқындайды.
Криминалист-маманның қорытындысы және қаруды қабылдау актісі тапсырылатын қарудың санатын айқындау үшін негіздер болып табылады. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға мынадай төлем белгіленеді:
1-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 90%-ы есебінен, 2-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 70%-ы есебінен, ал 3-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 50%-ы есебінен жүргізіледі, көрсетілген Қағидаға сәйкес.
4-сұрақ. Травматикалық қаруды қабылдау акциясы қай уақытқа дейін жалғасады?
Жауап. Жоғарыда айтып өткен болатынмын, яғни 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасатын болады.
5-сұрақ. Қолданылмаған травматикалық қару үшін төленетін сыйақы мөлшері қандай?
Жауап: Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың 1-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруды пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қаруға көзделген құнының 90%-ы есебінен, яғни бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.
2-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі келтірмейтін, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу арқылы жоюды талап етпейтін жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қаруға көзделген құнының 70 %-ы беріледі. Ал 3-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қаруға көзделген құнының 50 %-ы есебінен беріледі.
6-сұрақ. Қандай жағдайда ақша төленуге жатпайды?
Жауап. Егер қару мынадай талаптарға жауап бермесе, яғни:
1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, оның ішінде қайта жасалған деп танылмаса;
2) ҚР ІІМ БДБ «Криминалдық қару» есептік тізімдемесінде тұрса;
3) Ішкі істер органдарында тіркелген және ҚР ІІМ БДБ «Тіркелген қару» тізімдік есебінде басқа жеке тұлғаның атында тұрса;
4) 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін, яғни белгілінген мерзімнен кешіктіріліп тапсырылса;
5) ішкі істер органдарында қызметтік қару ретінде тіркелсе;
7) ішкі істер органдарында тіркелмеген жағдайда, комиссия ақшалай қаражатты төлеуден бас тарту туралы қорытынды шығаруға құқылы.
7-сұрақ. Қандай уақыт аралығында өткізілген газды қаруға ақшалай сыйақы төленеді?
Жауап. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті қарау мерзімі - ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
8-сұрақ. Өткізілген қару үшін төленетін төлемақыны қай жерден және қашан алуға болады?
Жауап. Қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ерікті түрде тапсырған жеке тұлғаға төленетін ақшалай төлем 1 ай мерзімде жеке есепшотына аударылады, тиісінше жеке тұлға өзіне тиесілі қаражатты банк шотынан ала алады.