ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУДА
Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында XVIII «Туризм және Саяхат» Қазақстандық Халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
Аталған көрмеге Қызылорда облысы өзінің туристік әлеуетін айқындайтын нысандар туралы толық ақпаратты еліміздің және шетелдіктердің назарына ұсынуда. Атап айтқанда облыс бренді – «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалды кешені, «Жаңақорған» шипажайы, сол сияқты барлық туристік нысандар таныстырылды.
Қызылорданың көрмесі «Ұлы Жібек Жолының жандануы» атты Қазақстандық стендтте Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облыстарымен қатар орналастырылды.
– Көрмеге қатысуымыздың басты мақсаты – басқа өңірлермен тәжірибе алмасу, әріптестік қатынас орнату, өңірімізге туристтерді және әлеуетті инвесторларды тарту болып отыр, - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары.