БИЗНЕС МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ
Бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгінде қарқынды жұмыс жүргізуде.
Құрылғанына 1 жылдан асқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлерді құқықтық қорғау.
Аталмыш бағыт аясында жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы Палата директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтып берді.
Бүгінгі күнге дейін Палатаға кәсіпкерлерден 133 өтініш түсіп, оның 108-і немесе 81 пайызы оң шешімін тапты, қалғандары қаралуда.
Өтініштердің негізгі бөлігі жер, мемлекеттік сатып алу, рұқсат ету рәсімдері мен салық мәселелеріне қатысты.
Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бағыты бойынша Палатада қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Кәсіпкерлердің өзекті мәселелерінің реестрі қалыптастырылған. Жыл ішінде өткізілген 3 кеңесте маңызды 9 мәселе қаралып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, сот органдарында кәсіпкерлердің құқықтары заңдық тұрғыдан да сүйемелденуде. Бүгінгі күнге дейін Палатаның қызметкерлері 21 сот процесіне қатысып, нәтижесінде кәсіпкерлердің 14 талап-арызы бойынша оң шешім қабылданды. Кәсіпкерлердің пайдасына 450 млн.теңге шешілді.
Соның ішінде «Кеден-Servis» ЖШС-не 350 млн.теңге көлемінде салықтық қарызын, өсімпұлын өтеу туралы кеден органдарымен берілген ескертудің заңдылығы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының «Асар» ЖШС мен «Сарыбұлақ» ЖШС-не табиғи газды тұтынғаны үшін ұсынған шотының заңдылығы сотта қаралып, нәтижесінде бірінші мәселе бойынша сот берілген ескертудің күшін жою, кеден органдарының лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту, екінші мәселе бойынша ұсынылған шотты 78,3 және 96 пайызға дейін азайту туралы шешім қабылдады.
Палатаның заңгерлері кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша да қызмет көрсетеді. Палатаның алдына қойылған негізгі мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Палата мен Қызылорда облысының прокуратурасы арасында әріптестік байланыс жөнінде Меморандумға қол қойылды. Аталмыш Меморандум аясында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне жедел әрекет ету мақсатында жумысшы және мобильдік топтар құрылды.
Мобильдік топ Call-орталыққа кәсіпкерлерден түскен шағымдар бойынша 7 рет рейдке шығып, тиісті шаралар қабылдаса, жұмысшы топ жылдың І жартыжылдығында шағын және орта бизнесті тексеру жоспарларына қатысты 20 бақылау-қадағалау қызметімен айналысатын мемлекеттік органды тексерді. Нәтижесінде прокуратурамен 30 жоспарланған тексеру жұмыстарының күші жойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі