СЕУЛДЕ ИНВЕСТИЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ
Кореядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен «инвестиция апталығы» аясында инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың басшылығымен қазақстандық делегация мүшелері бизнес-саммитке, форумға қатысып, Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді.
Қазақстандық делегация құрамында отандық бизнестің 50-ден астам өкілі бар.
Сеулде Қазақстан делегациясының мүшелері Infrastructure investor Seoul Summit 2018 қатысты. Саммит аясында инвестициялық ағындардың негізгі жаһандық үрдістері қаралып, инфрақұрылымға, жаңартылатын энергия көздеріне және басқа да перспективалы салаларға инвестициялар салу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қазақстандық өкілдер Global Project 2018 форумында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы баяндама жасады.
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Кореяның жыл сайынғы көлік–логистикалық ауқымды шарасы Korea MAT ашылуына қатысты.
Бұдан өзге, Арыстан Қабыкенов Кореяның көлік, жер және инфрақұрылым министрі Ким Юнмимен және ірі көлік компанияларының басшыларымен Кореяның халықаралық көрме орталығындағы (KINTEX) көрмені ашты. Көрмеде логистика, сақтау, сұрыптау және т.б. жөніндегі тақырыптық павильондар ұсынылды.
-KINTEX көрмесі аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының өкілдерімен жекелеген кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, логистика және көліктік қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық келешегі мәселелері Pantos компаниясының басшысы Юнхо Лимен және көлік министрі Ким Юнмимен кездесу барысында талқыланды.
SK және Korea Expressway Corporation-мен кездесу кезінде Арыстан Қабыкенов Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы (ҮАААЖ) Қазақстандағы ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі екенін айтып өтті. SK компаниясының президенті Джейсон Ан аталған жобаны іске қосу компанияның Қазақстанмен әр түрлі бағыттардағы ынтымақтастығын нығайтудың алғашқы қадамы екенін мәлімдеді. Джейсон Ан, сонымен қатар, ҮАААЖ іске қосылғаннан кейін бірқатар кореялық компаниялар арасында Қазақстанға деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Korea Expressway Corporation өкілдері автомагистральдар құрылысы мен ондағы қызмет көрсету саласындағы инновациялар туралы айтып берді. Бұл компания Кореяда 4 700 шақырым ақылы жолдарға қызмет көрсетеді. Кездесу барысында «ҚазАвтожол» АҚ-мен жол құрылысы және жаңа технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
Hyundai Corporation-мен кездесуде агроөнеркәсіп кешенінің қажеттіліктері үшін жабдықтар шығару мәселелері қаралды.
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасын шығарып, оларды Ресей мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына экспорттауға үлкен әлеуеті бар», — деді Hyundai Corporation вице-президенті Грег Нам.
«Инвестиция апталығы» аясында Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев пен Korea Trade-Investment Promotion Agency вице-президенті Вон-Сок Юн ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация мүшелері Dongbu Express, Daedong Industrial, DaeO, Green Technology Centre, Doosan Heavy Industry, SAJO Group, «Nexen Tire, Hyundai Glovis, Soosang ST, КТ, BNK Capital және т.б. компаниялармен келіссөздер жүргізді.
«Инвестиция апталығын» жалғастыру мақсатында қазақстандық-кореялық инвестициялық бизнес-форумды өткізу жоспарланып отыр, оған Оңтүстік Кореяның 200-ден астам компаниясы қатысады деп күтілуде.