ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗДАРЫ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің басы. Осы қағиданы жанына серік еткен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының сарбаздары қызылордалық мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты ана Диана Смағұлованың үйіне тазалық және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Есік алдын абаттандырып, арық атыздарды күл қоқыстан тазартты.
Тағдыр тауқыметін көп тартқан жалғыз басты ана ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды. «Бұл балалар жыл сайын мереке қарсаңында және қыс шыға үйіме келіп қол ұшын беруден жалыққан емес. Төңірегімді осылардың арқасында жайқалтып аламын», - дейді.
Сарбаздардың ұсынысымен бастау алған игі шараға облыстық жастар басқармасы қолдау білдіріп, балалар үйінің түлектері жұмылдырылды.