ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімі аяқталуға жақын сотталған азаматтарға «Осы шақ пен болашақ» тақырыбы аясында семинар –тренинг өткізілді.
Жаза мерзімін өтеушілердің бостандықтағы өмірге қайта бейімделуі мен айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынасты нығайту жұмыстары бойынша мекеменің САТЖЖ бөлімінің босатылатын сотталғандарды тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет майоры А.Р.Әбілханқызы сауалнама таратып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ мекеменің медицина бөлімінің бастығы Г.Асилова «Денсаулығым-өз қолымда» тақырыбында баяндама оқып, денсаулықтың маңызы мен салауатты өмір салтын сақтаудың тиімділігі жөнінде ақпараттар беріп, психолог мамандар әдістемелік тренинг жұмыстарын жүргізді.