АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ «АЛАШ ЖОЛЫ» БАСЫЛЫМЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Сыр елінің ақпарат кеңістігі «Алаш жолы» басылымымен толықты. Бүгін жаңа қоғамдық-саяси апталықтың қанатқақты нөмірі жарыққа шықты.
Редакторы – жас та болса, журналистика саласында азды-көпті тәжірибесі бар, біздің «Кызылорда ньюс» интернет газетінде еңбек еткен, бүгінде республикалық «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі Нағымжан Сауяев. Құрылтайшысы – «Алаш жолы-ХХІ» ЖШС.
«Сыр бойында «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналған басылымдар жетерлік. Осы көштің ішінен табыла алсақ дейміз. Мақсат-мұратымыз – ұлттық рухты дәріптеп, ел мүддесін көздер, әділдікті ту еткен шығармашылық ортаға айналу», - дейді серіктестік директоры, газеттің бас редакторы Нағымжан Сауяев.
5 мың данамен оқырманға жол тартқан жаңа басылым ұжымы Алаш жұртына сүбелі сөз айтып, орамды ой тастайды деп сенеміз.
Назерке САНИЯЗОВА