«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» - ЕЛДІГІМІЗДІ НЫҒАЙТТЫ, ЕҢСЕМІЗДІ ТІКТЕДІ
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бір жыл өтті. Әлбетте, тұтас елдің руханияты мен мәдени мұрасына баса маңыз берілген бағдарламаны жүзеге асырудағы міндеттің салмақты жүгі Мәдениет және спорт министрлігіне артылғаны белгілі. Елбасы бастап, елі қолдаған бағдарламаны іс жүзінде паш ету мақсатында осы министрліктің бір жылдық жұмысының нəтижесі қандай? «Рухани жаңғыру» бағытындағы оның келесі қадамы қандай болмақ? Осы құралпы біршама сұрақтың жауабын білу үшін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын сөзге тартқан едік.
- Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сіздің басшылығыңыздағы министрлік «Рухани жаңғырудың» алғашқы жылын қалай қорытындылады?
- Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыру - министрлік жұмысының басты бағыттарының бірі. Бекітілген жұмыс бағыттарына сай біздің министрлік «Рухани Қазына» кіші бағдарламасының іске асуына жауапты орган болып белгіленген.
Өткен жылы министрлік айтарлықтай ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Мәселен, қазан айында біз Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесерін өткіздік. Шара аясында «Қазақстандық жол және Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Қазақстан - Астана» фотокөрмесі, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Ұлы даладағы көшпенділер тарихы», қазақ ақындары мен жазушылары кітаптарының, белгілі қазақстандық суретшілердің туындыларына арналған көрмелер, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты картасының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Қазақстан және Астана туралы бірегей деректі фильмдер көрсетіліп, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Астана Балет» театры, «Астана Опера» театрының жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еділ Құсайынов, Димаш Құдайберген және өзге де өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылды.
2017 жылдан бастап министрліктің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы Жұмыс тобы мен Жобалау кеңсесі және ҚР Ұлттық Музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы құрылғаны баршаңызға мəлім. Осыдан кейін «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанынан ғылыми-сараптамалық Кеңес құрылып, оның жұмысына елімізге белгілі ғалымдар, тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар тартылды.
Осындай тарихи-мәдени мұрамызды ауқымды түрде жүйелеудің нәтижесінде жалпыхалықтық маңызы бар 100 кешеннің және өңірлік маңызы бар 456 нысанның тізімі жасалды.
Жалпы, өткен жылы министрлік біршама ірі шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптары және «Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының 1-і томы жарыққа шықты. Жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көпфункционалды виртуалды картасы, өңірлік маңызы бар объектілер бойынша интерактивті карта жасалды.
Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыхалықтық тізіміне енген кейбір нысандардың (Қожа Ахмет Ясауи және Қарахан кесенелері) 3D моделі жасалып, жалпыұлттық қасиетті нысандар туралы әлеуметтік желілерге арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мобильді форматтағы бейнероликтер мен Қазақстандағы киелі жерлер туралы 4 ғылыми-көпшілік деректі фильм («Киелі Қазақстан», «Қожа Ахмет Ясауи, Айша Бибі Мавзолейлері», «Алтын адам», «Номадтар елі») түсірілді.
Бұдан басқа, өткен жылдан бастап, министрлік шетелдерде заманауи қазақстандық мәдениетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының арнайы жобасын жүзеге асыруда.
Қазақстанның Ұлттық музейі Қытайда, Ұлыбританияда және Беларусь Республикасында бірқатар халықаралық жобаларын жүзеге асырды. 4 сәуірде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» Халықаралық көрме жобасы аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнердің хас туындысы» көрмесі Мәскеудің Бүкілресейлік халық өнері мен декоративті-қолданбалы өнер музейінде ашылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының басты нышаны ретінде «Алтын адам» көрермен назарына ұсынылды.
Аталған жобаны биыл Әзербайжанның ұлттық тарих музейінде, Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясының тарих музейінде, Кореяның Ұлттық музейінде жүзеге асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы 2019 жылы Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркияның музейлерінде, 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция, Германия музейлерінде көрермен назарына ұсынылатын болады.
Шетелдерде заманауи қазақстандық мәдениетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында 2018-2020 жылдары «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық опералардың Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Грузия және т.б. елдерде көрсетілімдер жоспарлануда. Сондай-ақ, республикалық театрлар ұлттық және шетел авторларының үздік театр қойылымдарын Түркия, Ресей, Корея Республикасында ұсынатын болады.
Республикалық музейлердің қорынан Жапонияда, Қытайда, Мажарстанда, АҚШ-та көрмелер өткізілетін болады. Бұдан басқа, Ұлыбританияда, Әзербайжанда, Ресейде, Түрікменстанда мәдениет пен кино күндерін өткізу, сонымен қатар республикалық мәдениет ұйымдарының Испания, Үндістан, Люксембург, Швейцария, Германия және т.б. елдеріне іссапарлары көзделген.
Сонымен қатар, 2017 жылы министрлік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік мәні зор «Туған жер» жобасын іске асыру жөніндегі шаралар қатарын бекітіп, жүзеге асырды.
Қорыта айтқанда, бір жылда біршама жұмыс атқарылды. Десе де мұнымен тоқталып қалмасымыз анық. Себебі, əлі де алар асуымыз, көздеген межеміз айқын. Бір сөзбен түйіндесек, елдігімізді нығайтқан да, еңсемізді тіктеген де - «Рухани жаңғыру».
- Өзіңіз айтқандай, бағдарламаның басым бағыттарының бірі - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Аталған жоба аясында 100 жалпыұлттық және 456 жергілікті маңыздағы нысандар мен орындар белгіленгенін айтып қалдыңыз. Осы орындардың танымдық және туристік әлеуетін арттыру бағытында министрлік қандай жұмыстарды жүргізуді көздеп отыр? Өңірлерде осы жоба бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Бұрын белгісіз болып келген немесе аса зерттелмеген, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында танымалдыққа ие болған жерлер бар ма?
- «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өткен жылы ғалымдардың қатысуымен киелі орындарды анықтау және зерттеу мақсатында Қазақстанның барлық өңіріне экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедицияларға өңірлердің ғалымдары мен мамандары тартылды.
Министрлік былтыр еліміз бойынша Қ.А.Ясауи, Арыстанбаб кесенелері, Бекет ата, Сисем ата қорымдарының нысандары, Көне Тараз, Көне Түркістан, Отырар, Сауран, Сарайшық қалашықтары, Абай Құнанбаев мемориалдық кешені тәрізді 25 тарих және мәдениет ескерткішін реставрациялады. Олардың көпшілігі халыққа танымал киелі орындарға жатады.
Сондай-ақ, киелі орындар көп шоғырланған республикалық «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында биыл олардың Сапар орталықтарының құрылысын бастаймыз. Бұл Сапар орталықтары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге, мәдени-ағарту, ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға үлкен үлес қосады. Біздің ойымызша, жақын жылдары осы сапар орталықтар салынған аумақтарда туризм жылдам қарқынмен дамуы мүмкін.
Жақында ҚР Үкіметінің республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорықтарын құру туралы қаулылары шықты. Осылайша, бұрын елеусіз болып келген киелі жерлерді қорғау, насихаттау жұмыстары жаңа сапаға көтерілетін болады.
Музей-қорықтарды құру - болашақ ұрпақ үшін аса құнды мәдениет ескерткіштерін сақтап қалуға мүмкіндік береді, туристерді тартуда бәсекеге қабілеттілікті арттырады, ғылыми-зерттеу, консервациялау және археологиялық шараларды жүзеге асыруға серпін береді.
Жалпы алғанда, елімізде туристерге қызығушылық тудыратын киелі жерлер көп деп айтар едім. Әсіресе, жаңа айтып өткенімдей, Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи ескерткіштердің дайындығы жоғары. Мысалы, Жамбыл облысындағы Ақыртас сәулеттік-археологиялық кешені Орталық Азиядағы бірегей ескерткіштердің қатарына жатады. Мұнда аздаған болса да туристерді қабылдауға арналған сапар орталық салынған. 7 сәуірде министрлік пен Жамбыл облысының әкімдігі туризмді дамыту мәселелері бойынша БАҚ-өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізіп, «Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарих-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мақсатында Меморандумға қол қойды.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да жоба аясында бірқатар шаралар атқарылуда. Негізінен өңірлерде киелі жерлердің инфрақұрылым дамыту (көгалдандыру, абаттандыру, жолдар салу), ашық аспан астында музейлер ашу, археологиялық, реставрациялық жұмыстар жүргізу, деректі фильмдер түсіру тәрізді шаралар қарастырылған.
- Үкімет отырысында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» өткен жылғы қорытындысын жасаған кезде терминология саласы туралы айтқан едіңіз. Жалпы, шетелдік терминдерді қазақ тіліне бейімдеу, Ахмет Байтұрсынұлыша айтқанда «Қазақтың тіліне кірген сөзге қазақтың шапанын жауып, тымағын кигізіп кіргізу» жұмысы қалай жүргізілгелі жатыр?
- Қазақстанда тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің терминологиялық қорын реттеу, атап айтқанда, Комиссия бекіткен терминдердің үлесін арттыру жөнінде талап қойылған. Қазіргі таңда, қазақ терминологиясы әлемдік теориялық-қолданбалы жетістіктерге сүйене отырып, біршама даму сатысына көтерілді. Қазақ терминологиясының кейінгі даму кезеңінде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері Әбдуәли Қайдар, Өмірзақ Айтбайұлы сынды ғалымдарымыз жетілдірген термин қабылдау қағидаттары бүгінгі күні басшылыққа алынып келед. Бұл қағидаттар халықаралық тәжірибеге негізделген.
Қазақ тіліндегі қолданыстағы көптеген терминдердің экстралингвистикалық, саяси жағдайларға байланысты, шет тілдерден, көбіне латын, грек тілдерінен орыс тілі арқылы қабылданғаны белгілі, ал орыс тілінің көптеген терминдері шет тілдерден өз тіліне бейімдеу жолымен қабылданған. Осыған байланысты бүгінде Үкімет жанындағы Республикалық терминология комиссиясы қазақ тілінің өзіндік болмысын сақтау мақсатында термин қабылдауда «төл сөздерімізге басымдық беру», «түркі тілдерінен термин алу», «терминдерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып қабылдау» сияқты қағидаттарды басшылыққа алады. Атап айтқанда, олар байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекі тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану, басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында ескеру, халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдануды қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асыру, ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау қағидаттарын басшылыққа алуға баса мəн бермек.
Осы жылғы комиссиясының отырысында Елбасының 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату жөніндегі тапсырмасы талқыланды. Комиссия отырысында бұрын бекітілген халықаралық терминдер қайта қаралды. Биылғы жылдың мамыр айында «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» тақырыбында терминолог ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми-теориялық конференция жоспарланған. Конференция жұмысында терминжасамның ғылыми қағидаттары, ұлттық терминологиялық қор, салалық терминологияның өзекті мәселелері, қазақ тілінің латын графикасына көшірілуіне байланысты туындайтын терминологиялық міндеттер, ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері және т.б. мәселелер қарастырылатын болады.
Жалпы терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру, терминдерді біріздендіру, халықтың терминдерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «termincom.kz» сайты ашылғанын еске сала кеткім келеді. Бұл сайтта бекітілген терминдер, салалық терминологиялық сөздіктер, терминологияның теориялық мәселелеріне қатысты материалдар қамтылды. Сондай-ақ сайт арқылы кез келген адам терминдерге қатысты өз пікірін білдіре алады. Қазіргі уақытта терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету - терминология саласындағы ең өзекті мәселе. Осы ретте Терминком бекіткен терминдерге міндетті сипат беру мақсатында, халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, салалық терминдерді Ұлттық стандартпен бекіту мәселесі қарастырылуда.
- Өткен жылдың 4 желтоқсанында өткен Үкімет отырысында отандық жазушылардың туындылары әлемнің жетекші 6 тіліне аударылатынын мәлім еткен едіңіз. Бүгінге дейін шығармалары шет тілдерге аударылатын жазушылар мен ақындардың тізімі жасалды ма? Жасалмаса, ол тізім қалай белгіленеді?
- Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттердің бірі - «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Министрлік осы жоба аясында рухани мәдениетіміздің үздік туындыларын жаһандық әлемге танымал ету үшін бірқатар жұмыстарды жүргізіп жатыр. Соның ішінде, шет елге таныстыруға ұсынылатын қазақстандық көркем әдебиет авторларының шығармаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне (орыс, ағылшын, қытай, араб, испан, француз) аудару жұмыстарын жүргізу қолға алынған.
Бүгінде еліміздің ақын-жазушылары мен әдебиетшілердің, әдеби сыншылар мен белгілі суретшілер қатарынан әдебиет (проза және поэзия) пен көркемсурет өнері бойынша сарапшылық топ құрамы жасақталуда. Заманауи мәдениеттің үздік үлгілерін іріктеу мен қалыптастыру жұмыс тобының нақты іріктеу критерийлері көрсетілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Жобаның нәтижесінде поэзия және проза жанрлары бойынша «Заманауи әдебиет антологиясы» (2 кітап) БҰҰ-ның 6 тілінде басып шығарылатын болады.
Сондай-ақ, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасын жүргізеді. Осыған орай біздің министрлік Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері мен қоғам қайраткерлерінің қатарынан жұмыс тобын құрды. Аталған жұмыс тобы Қазақстанның өңірлері туралы бірегей материалдар мен олардың авторларын жинау бойынша жұмыстарды атқаратын болады.
- Еш жарнамасыз, бүгіннің өзінде туристік брендімізге айналған, туристер жиі барып тұратын орындарымызды атай аласыз ба?
- Әрине, Қазақстанның бренді ретінде әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдынын, «Шымбұлақ» тау-шаңғылық курортын, Қазақстанның Швейцариясы аталып кеткен Бурабай курорттық аймағын, Каспий теңізін атап өтер едім. Соңғы кезде Алакөл аймағындағы жағажай туризмі қарқынды дамып келеді. Бұл дестинациялар жарнаманы нақты қажет етпегенмен, жарнама қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады. Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Сондықтан, уақыттың ағымына сай жарнама қажет болып табылады.
- Сұхбат бергеніңізге рахмет. Ісіңіз алға баса берсін!
«ҚазАқпарат»