«БОЛАШАҚ КӘСІБИ МАМАНДАР!» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ «Болашақ кәсіби мамандар» ҚР-ның республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқау қорытындысын шығарды. Журналистерге арналған байқауларды ағымдағы жылдың маусымында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін кадрларды даярлау және кәсіби-техникалық білім беру мәселелеріне қоғамның назарын аударту, сондай-ақ, журналистерге қолдау көрсету және олардың ары қарайғы кәсіби өсуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырды.
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша Атырау қаласындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға арналған өңіраралық кәсіби орталықтың, Астана және Алматы қалаларындағы әлемдік деңгейдегі болашақ колледждердің қызметіне арналған байқауда жеңімпаздардың есімдері анықталды.
Жеңімпаздардың есімдері желтоқсанда Астанада өткен салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды.
«Үздік ТВ материал» аталымы бойынша 1-орынды «24 kz» телеарнасыныңжурналисі – Айнұр Қуат, II орынды – «Қазақстан-Атырау» телеарнасыныңжурналисі- Нұрберген Мақым иеленді.
«Баспа БАҚ беттеріндегі үздік материал» аталымы бойынша 1-орын «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шариповқа, II орын «Биржа труда» басылымының тілшісі Жанар Әуелбековаға берілді.
«Интернет БАҚ беттеріндегі үздік материал» аталымы бойынша 1-орынды Күлшат Хамитова («Айналайын» сайты), 2-орынды «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінен Саяжан Қаукенова алды.
«Үздік радио материал» аталымындағы 1-орынды «1001 кәсіп» бағдарламасының жүргізушісі Мақпал Иманбаева иеленді.
«ҚР-дағы техникалық және кәсіби білім берудің қазіргі жағдайы және техникалық, кәсіби білімді жаңартудағы Холдингтің рөлі туралы» байқауда «Баспа БАҚ беттеріндегі үздік материал» атылымы бойынша 1-орынды «Литер» газетінен Ольга Винокурова, 2-орынды «Ақ Жайық» газетінен Тамара Сухомлинова алды. «Интернет БАҚ беттеріндегі үздік материал» аталымына «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің журналисі Қанат Тоқабаев (1-орын) және «Baikadam Business News.kz» порталының журналисі НұрболатАманжолов (II орын) ортақтасты.
«Қазақ радио» журналисі Дәурен Ерболатовтың жұмысы радиодағы үздік материал ретінде танылды.
Байқауға Қазақстанның түрлі аймақтарынан барлығы 100-ден аса өтінім келіп түсті.