ЖЕЛТОҚСАНДА БАЙҚОҢЫРДАН ҒАРЫШ АППАРАТТАРЫНЫҢ ТӨРТ ҰШЫРЫЛЫМЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан желтоқсанда ғарыш аппараттарының 4 ұшырылымын орындау жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ұшырылымдар кестесін түзеткеннен кейін желтоқсанда бірінші болып, ресейлік «Ямал-401» телебайланыс жерсерігімен бірге «Протон-М» ЗТ ұшырылымы іске асырылатын болады. Ғарыш айлағының №81 алаңдағы №24 ұшыру орнатпасынан ұшыру 16 желтоқсанға белгіленген», - деді дереккөз агенттік тілшісіне.
Одан өзге 18 желтоқсанда ресейлік «Кондор-Э» атты Жерді қашықтан зондпен тексеру жерсерігімен бірге «Стрела» ЗТ шахталық ұшырылымы жоспарлануда. Үшінші болып, 26 желтоқсан күні ресейлік «Ресурс-П» атты Жерді қашықтан зондпен тексеру ғарыш аппаратымен бірге «Союз – 2.1б» ұшырылымы жоспарланған.
«Байқоңырдағы ғарыштық ұшырылым 28 қарашадан ауыстырылған еуропалық ASTRA 2G байланыс жерсерігімен бірге «Протон - М» ЗТ ұшырылымы аяқтайды. Байқоңырдан ақырғы ұшыру №200 алаңдағы №39 ұшыру орнатпасынан 2014 жылдың 28 қарашасына белгіленген», - деді ол.
Әңгімелесушінің айтуынша, «желтоқсандағы ұшырылымдар кестесінде техникалық себептер бойынша ауыстырулар мен шегерулер болуы ықтимал».
«Ондай жағдайда ұшырылымдар, шамасы 2015 жылға ауыстырылуы керек», деп нақтылады әңгімелесуші агенттік тілшісіне.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан 17 (1 сәтсіз) ғарыштық ұшырылым іске асырылды. Ұшырылым саны бойынша «Байқоңыр» 2014 жылы әлемдегі барлық ғарыш айлақтарының ішінде сөзсіз көшбасшы болып табылады.