АСА ШҰҒЫЛ!!!
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалының мәліметінше Қызылорда облысында 2014 жылдың 7 желтоқсан күні түнде кей жерлерде аздаған қар, борасын, жел батыстан солтүстік-батысқа ауысып 9–14 м/с, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейіп, ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 25, күндіз 12-17, кей жерлерде 20 С аяз болатындығы күтілуде.
Осыған орай, ауа-райының күрт бұзылатындығын ескере отырып, көлік апаттары мен жол бойында көліктердің жолаушыларымен қалып қою оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2014 жылдың 06 желтоқсанынан 07 желтоқсанына қараған түннен бастап уақытша облыс бойынша ауа-райының күрт өзгерістері кезеңдерінде қолданылатын шараларды қабылдай отырып, автокөліктердің елді мекендерден тыс шығуына жол берілмеуін, яғни, азаматтардың жол бойларындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуіңізді сұраймыз.