ЛАС-ВЕГАСТА ГОЛОВКИННІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ӨТПЕЙТІНДІГІ РЕСМИ АЙТЫЛДЫ
Boxingtalk.com дерегіне сәйкес, Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді боксшы 5 мамыр күні рингке шығып жатса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтпек.
Айта кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты да GGG келесі жекпе-жегі өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді.
Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы да анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.