ГЕНЕРАЛ ДЕ ГОЛЛЬДІҢ БАЙҚОҢЫРҒА САПАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛАДЫ
Қарағандылық Экомұражайда 13 сәуірде Шарль де Голльдің Байқоңырға алғашқы сапарына арналған көрме өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Байқоңырдан Астанаға дейін: Франция мен Қазақстан арасындағы ресми кездесулердің 50 жылдығы» атты экспозиция Франкофондық көктем-2018 шарасы шеңберінде өтеді.
Көрмені Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ ашады. Шара Франция және Қазақстан елшіліктерінің қолдауымен, Қарағандыдағы Француз альянсының Экомұражаймен тығыз әсіптестігі арқасында ұйымдастырылды. Экспозицияны 13 сәуірден 13 мамырға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 47, «Орталыққазжерқойнауы» ғимаратындағы Экомұражайда тамашалауға болады.
1966 жылдың 25 маусымында генерал де Голль - ХХ ғасырдағы Франция тарихының басты кейіпкері және халықаралық сахнадағы атақты тұлға - шет ел қызметтерінің министрі Кув де Мюрвильмен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына келіп, «Восток-2М» зымыран тасығыштан спутник жіберу шарасын көруге келген. Бұл «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев қатысқан шара қазіргі заманғы Қазақстанның аумағындағы батыс-еуропалық мемлекеттің басшысы болған тарихтағы бірінші оқиға еді.