СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҮЙ САЛЫП БЕРМЕКШІ
Шиелі ауданы әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагері Айдар Жолбаевқа ерекше ықылас танытып, оның отбасына үй салып бермекші.
Үйдің құрылыс материалдарын жеткізуге және іргетасын қалау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Аптаның ішінде тұрғын үй ғимаратының іргетасын қалау аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, құрылыс материалдарын сатып алуға кәсіпкерлермен келісім жасалмақ.
Құрылысты аудан әкімі өзі бақылауда ұстайтын болды