ЕАЭО-ДАН КЕЛЕТІН КӨЛІКТЕРГЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ САЛЫНБАЙТЫН БОЛАДЫ
Шетелден, соның ішінде, Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінетін көліктерге қазіргі уақытта салынатын қосылған құн салығы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып тасталады, - деп хабарлайды Kolesa.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыстар комитетіндегі хабары бар дереккөзге сілтеме жасап.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден импортталатын тауарларды кәсіпкерлік мақсатта әкелмейтін жеке тұлғаларға жанама салық салынбайды", - делінген Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшарттың "Салықтар мен салық салу" бөлімінде. Айта кетейік, келісімшарт 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Келісімшарт күшіне енгенінен кейін автокөліктерді Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдерден қосылған құн салығын төлемей әкелуге болатынын жазады басылым. Қаржы министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, жыл соңына дейін ҚР "Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа Кодексі қабылданып, жарияланады. Онда көлікке салынатын қосылған құн салығының алып тасталуы туралы норма болады. Айта кетейік, ол тек Қазақстанға 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап әкелінетін автокөліктерге ғана қатысты.
Портал қосылған құн салығы салынбайтын әрі Еуразиялық экономикалық одақтан жаңа жылдан кейін келетін көліктердің рөлі сол жақта болуы керектігін, сонымен қатар Евро-4 экостандартына сәйкес болуы қажет екенін жазады. Бұл норманың алып тасталуы жайлы мәлімет әлі хабарланған жоқ. Еске сала кетейік, мәселен, Ресейден көлік сатып алған жағдайда оны Қазақстанға тіркеу үшін қосылған құн салығын төлеу керек - кедендік төлем құнының 12 пайызы. Ресейде қосымша құн салығы - 18 пайыз. Автосалондағы сатушылар бұл салықты келісімшарттың сомасынан ұстап қалудан бас тартады, осылайша олар ақшаның қайтарылатын ұзақ мерзімді процедураларынан құтылады. Яғни Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келетін автокөліктерге салынатын қосылған құн салығы алып тасталса Қазақстанға көлікті айтарлықтай арзан бағаға әкелуге болады.