ДҮЙСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
«Қазгидромет» РМК 9 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман, көктайғақ болады.