7 АДАМНЫҢ ҚАЗАСЫНАН КЕЙІН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ВАХТАЛЫҚ АУЫЛДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
Атырау облысындағы вахталық ауылдардағы жатақханаларда тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«7 адамның өмірін жалмаған Қаратабан елді мекеніндегі жатақханалардың бірінде болған өрттен кейін вахталық ауылдардағы жатақханаларда тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұндай тексеріс Теңіз кен орнында жүргізілді. Ол жерде ТШО жаңа зауыттың құрылысын бастап кеткен болатын. 26 сәуірге дейін басқа компаниялардың жатақханалары да тексерілетін болады», - деп хабарлады мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.
Басқарма басшысының айтуынша, өртенген жатақханада тұрып келген жұмысшылар қазіргі кезде үйді-үйіне жіберілген. Жұмыс берушілер оларға жалақысын төлеп тұр. Ал өртенген жатақхананың орнына жаңа жатақхана тұрғызылады.