ҚЫТАЙДА 26 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЗ ЖҰМДЫ
Қытайдың Гуанчжоу қаласында 26 жастағы қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жас жігіт 4 сәуірде қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.
Достарының мәлімдеуінше, ол үйге футбол ойнап келгеннен кейін естен танып қалған көрінеді. Жедел жәрдемді марқұм болған жігіт жалдап тұрып жатқан пәтердің иесі шақырды. Медициналық қызметкерлер бригадасы 10 минуттан кейін жетіп, оның қайтыс болғанын айтты.
«Қазіргі уақытта біздің дипломаттар бұл азаматтың туыстарымен сондай-ақ, Гуанчжоу қаласы құқық қорғау органдарымен байланыста. Жақын күндері мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті рәсімдерді жасау үшін Гуанчжоуға консул баратын болады», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.