ДАНИАЛ АХМЕТОВ СЕМЕЙДЕ СУ БАСҚАН АУДАНДАРДА БОЛДЫ
Семейде су тасқынынан зардап шеккен 50 үйді қаладағы ұйымдардың күшімен қалпына келтіру науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін кезекті рет Семей тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы Даниал Ахметов Кемежай ауданындағы үйлерде тасқынның салдарын жою жұмысының барысымен танысып, сапасын бағалады. Айта кету керек, әзірге шығынның нақты көлемі есептелген жоқ. Ол бірер күнде аяқталатын комиссия жұмысының қорытындысы бойынша белгілі болады.
«Алдын ала есептеу бойынша 15 үйді қалпына келтіру мүмкін емес. Оларға барлық ресурстар бөлінеді. Ал тағы оншақты баспана жергілікті ұйымдардың көмегімен қалпына келтіріледі. Семейде жүріп жатқан тиімді жұмыс пен қалалықтардың белсенділігі бұл жұмыстардың тезарада аяқталатынын аяғақтайды, - деді аймақ әкімі
Мамандардың айтуынша, Кемежайдағы дамбаның жиегі 750 метрге дейін бекітілген. Сең кезінде Ертіс өзеніндегі жару жұмыстарын өз уақытында және тиісті деңгейде жүргізудің арқасында ғана су деңгейін түсіру мүмкін болғаны айтылып отыр. Даниал Ахметов жару кезінде зардап шеккен барлық 50 терезе қалпына келтірілетінін мәлімдеді.