АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Diamond Ring боксшысының сегізінші айқасының уақыты мен орны ғана емес, болашақ қарсыласы да өзгерді. Жеңіліп көрмеген Қазақстан өкілі 29 жастағы америкалық Эндрю Канчиомен Индиодағы (АҚШ) Fantasy Springs Casino отель-казиносының аренасында күш сынайды.
Канчио соңғы рет 2016 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, өзінің отандасы Джозеф Диастан (26-0, 14 КО) жеңілген еді және Солтүстікамерикалық бокс федерациясының (NABF) атағынан айырылған болатын.
Бұл жекпе-жек Шәрібаевтың екінші жартылай жеңіл салмақтағы дебюті және бірінші титулдық айқасы. Боксшылар Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) құрлықаралық чемпионы белбелбеуіне таласады.
Бұдан бұрын қазақстандық боксшы жеңіл салмақта жеті рет жұдырықтасып, жеңіске жеткен (оның ішінде 6-ын нокаутпен) еді.