ГРУЗИЯДА ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ҚАРА ТҮСТІ КӨЛІК МІНУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Грузия үкіметі мемлекеттік құрылымдарға бюджет есебінен қара түсті көлік сатып алуға тыйым салатын жарлық қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz "Бизнес Грузия"-ға сілтеме жасап. 2018 жылдың 30 наурызында құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, үкімет жарлығы көліктің түсіне шектеу қояды. "Кез келген класстағы көліктің түсі қара түстен басқа болуы керек", - делінген құжатта.
Осыған байланысты министрлік пен ведомство өкілдері 25 сәуірге дейін автопаркті жаңарту жөніндегі жоспарды таныстыруы керек.
Сонымен қатар, жергілікті билік органдары өкілдерінің Қаржы министрлігіндегілерге балансындағы көліктер мен жөндеуге келмейтін көліктер жайлы мәліметті жолдауы керектігі айтылады.