СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕБАТ ӨТТІ
«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында студенттер мен оқушылар арасында дебаттық сайыс өткізілді.
Дебаттық пікірсайыс негізінен екі топ арасында өтті. Бірінші топ қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды қолдап, жаңа заңның ерекшеліктеріне тоқталса екінші топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды күшейту яғни заңға өлім жазасын енгізу жайлы пікір білдірді.
Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер таратылды.
Шара қортындысымен белсенділік танытып, өзінің терең білімін көрсеткен студенттер Филология тарих және құқық факультетінің студенті Қаракесек Бейбарыс, Педагогикалық факультетінің студенттері Динау Мөлдір, Бұхарбаева Аякөз және Қызылорда қаласы, Белкөл кенті №189 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Өмірзақ Жанболаттарға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының грамоталармен марапатталды.