АСТАНАДА АЯЛДАМАНЫ СОҚҚАН ЖҮРГІЗУШІГЕ 2 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«Mitsubishi жүргізушісі көлікті басқара алмай, елордалық компаниялардың біріне тиесілі аялдама кешеніне барып соғылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, айыпты деп танылды», - делінген хабарламада.
Жылжымайтын меншікті жөндеуге кеткен қаражат 1 921 795 теңгені құраған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты осы материалдық шығынды жүргізушіден өндіруге шешім шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.