АЛМАТЫДА ӨРТЕНГЕН ҮЙДЕН 300 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
Алматыда өртенген үйден 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдай болған жерде арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 5 қабатты үйдің балконынан тұтанған өрт үйдің шатырын, мансардысын түгел шарпып үлгерді. Оқиға орнында штаб, екі сөндіру учаскесі құрылды.
Төтенше жағдаймен күресуге 82 өрт сөндіруші, 25 техника жұмылдырылды.