1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПО-2017 ЛОГОТИПІНІҢ ҮЗДІК СУРЕТІНЕ ФОТОСАЙЫС БАСТАЛДЫ
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы #expowinter2014 креативті фотосайысының өткізілуі туралы жариялайды.
Фотосайысқа қатысу үшін үш шартты орындау қажет:
1) қысқы сюжетті фотоға түсіру;
2) кадрда ЭКСПО-2017 логотипі орналасуы тиіс;
3) суретті Instagram-да #expowinter2014 хэштегімен орналастыр
Басты шарт – қатысушы ЭКСПО-2017 логотипін қарда, мұзда, мұз қатқан терезеде, қар басқан шатырда, мұз сырғанағында салуы тиіс. Ол оны қар кесектерімен немесе мұздақтармен, ақшақарлармен, шырша ойыншықтарымен, бала шаналарымен, бөкебайлармен немесе қолғаптармен сала алады.
Сайыстың тағы бір шарты – ЭКСПО-2017 логотипі өз қолымен жасалуы немесе кәдесыйлық өнімде пайдаланылуы тиіс. Алайда, логотипті фотосуретке графикалық редактор көмегімен орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Сурет неғұрлым креативті болса, жеңіске деген үміт соғұрлым көбірек.
Сайыс 2014 жылғы 1 және 10 желтоқсан аралығына созылады. Жеңімпаз 11 желтоқсанда жарияланатын болады.
Жеңімпаздардың бірінші үштігін қазылар алқасы лайктар санын ескермей, анықтайды. Ал 4-10 орындарды Instagram әлеуметтік желісінде «маған ұнайды» белгілерін барынша көп жинаған қатысушылар бөліп алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Меломан» желісінің сертификаттарымен марапатталатын болады. Жеңімпаз сертификаты 1 орын үшін - 30 000 тг сомасына, екінші орын үшін - 20 000 тг, үшінші орын үшін - 10 000 тг, 4-10 орындар 5 000 теңгеге сертификаттар алады.