БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оған барлығы 87 студенттен құралған 14 команда қатысты. Қатысқан 87 студенттің 37-сі - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті.
Командалар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Болашақ" университеті, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Байқоңыр колледжі, Арал копсалалы колледжі, "Абылай хан" жоғары колледжі, "Болашақ" университетінің колледжі, Агро-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінен құралды.
Нәтижесінде әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды 7 студент, жүлделі ІІ орынды 6 студент, ал жүлделі ІІІ орынды 8 студент еншіледі.

