ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАДА ҚОҒАМДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Атамекен» алаңында бейнебайланыс арқылы Ұлттық палата ұсынған «Тұтынушылардың құқығын қорғау саласын дамыту арқылы қоғамдық бақылауды күшейту» бастамасына қатысты «дөңгелек үстел» өтті. Оған «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов төрағалық етті. Шараға Қазақстанның ірі сауда–ойын-сауық орталықтарының өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, журналистер, сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар апатты жағдайларды (Кемероводағы оқиға) алдын алу, сонымен қатар көпшілік жиналатын нысандардағы қозғалысты реттеу бойынша шараларды талқылап, ұсыныстарын білдірді.
«Кемероводағы апат қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл нағыз трагедия, және біз бәріміз бұдан сабақ алуымыз керек. Бизнес тарапынан алғашқы қозғалыс басталды. Мұндай қайғылы, көп адамның өмірін алып кеткен оқиғалар болмауы керек. Бүгінгі жиын мұндай жағдайды алдын алуда жүйелі әрі жылдам шараларды таңдауға себеп болады», – деді Райымбек Баталов.
Astana Group басқарма төрағасы Нұрлан Смағұлов MEGA кешендерінде өзі өткізген тексерулер барысында кемшіліктер анықталған, олар реттеліп жатыр. Тағы бір мәселе – қоғаммен байланыс орнамағанын жеткізді.
Қоғаммен байланыс жоқ. MEGA жанына қоғамдық кеңес құруды шештік. Халықты шақырып, олар кемшілікті айтып отырса дейміз. Мемлекет органдары мен қоғамның талаптары әр түрлі. Тіпті апатты шығу нұсқаулықтар да ескірген. Олар көп жыл бұрын әзірленген болатын. Бүгінде сауда орталықтары өте ауқымды. MEGA Silkway-да нысаннан шығу жоспары белгісі көрінбейді, ал ол құрылыс нормалары және ережелерімен бекітілген. Осы мәселелерді қоғамдық кеңеспен шешкіміз келеді», – деді Нұрлан Смағұлов.
Нұрлан Смағұлов хабарлағандай, Алматы мен Астана қалалары Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментттерімен ірі сауда орындарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу туралы меморандумға қол қою ұсынылған. Спикер қазақстандық бизнеске азаматтық жауапкершілік пен «Атамекен» жанынан құруға болатын қоғамдық кеңес жайында ойлану керек екенін айтты.
Бизнесмен апатты жағдайда адамдар қалай әрекет ету керек екенін білмейтінін тілге тиек етті.
«Жүйелі жұмыс істеу керек. Қажет болса, осы мақсатта алаңдарымызды тегін беруге дайынбыз. Қызметкерлеріміз жұмыс істейтін болады, бірақ бізге мамандар көмегі керек. Бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғамның жұмылған, тиянақты жұмысы арқылы ғана мұндай жаңдайларды алдын алуға болады», – деп ұсынды Н.Смағұлов.
ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков айтқан ұсынысы ірі нысандарды жобалау және пайдалануға беруде ескеру керек-ақ.
Бүгінде 1500 ұйым жоблауға лицензиялары бар. Олардың біліктілігі күмән келтіреді. Лицензияны алу процедурасы оны сатып алумен ғана шектеледі, көрдіңіз бе? Мұнда талаптарды күшейту керек», – деп санайды сарапшы.
Ірі сауда–ойын сауық орталығының бірінші қабатындағы сауда орындарының жалға алу құны ең қымбат, есесіне тұтынушылар көп келетін ең өтімді жер екенін айтады. Қабат жоғарылаған сайын, жал құны төмендей түседі. Ал балалар ойнайтын орындар, кинотеатрлардың барлығы әдетте жоғары қабаттарда орналасады.
«Ата-ана баласымен жоғары жаққа көтерілгенше түрлі бутиктерді жолшыбай аралап кетеді. Бұл – маркетинг. Алайда, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін көпшілік жиналатын орындарды неғұрлым жерге жақын, 1-қабатта орналастырған абзал. Әрине, бұл бизнеске кедергі болса да, адам өмірін сақтап қалатын шара», – деді Серік Рустамбеков.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша әр нысан түріне қарай қойылатын талап та түрлі болуы керек. Сондықтан барлық сауда орталықтарына бірыңғай талаптарды әзірлеп емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жекелеген талаптар енгізілген жол картасын әзірлеуді жөн санайды. Оның айтуынша, «Атамекенде» сауда орталықтары иелерін сақтандыруды енгізу мәселесін талқылау басталған.
Жиынды қорытындылай келе Райымбек Баталов бизнес ҰКП-ның қоғамдық бақылауды күшейту бойынша бастамасын қолдағанын хабарлады.
«Бизнес бұған дайын болуы керек. Тексерулер жемқорлық белгілерін алдын алып, ҰКП, қоғам белсенділері қатысуымен ашық жүргізіледі. Бұл жұмыс «екіжақты жүруі бар жол» болуы керек. Бұл өте маңызды», – деді Р. Баталов.
www.atameken.kz