МҰНАЙШЫЛАРҒА ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жиында Дін мәселерін зерттеу ортылығының теолог-маманы Бақтияр Оспанов жиналғандарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын кеңінен түсіндіріп берді. Ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сәкен Алдашбаев «Дін және ұлттық құндылықтардың зайырлы мемлекет қағидаттары мен үндестігі» тақырыбында баяндама жасаса, «Мүсірәлі ата» мешітінің наиб имамы Боранбай Байболов «Рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі» жайында әңгімеледі. Жиын соңында кеніштегі мұнайшылар дін тақырыбы аясында өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, мамандармен кеңінен сұқбаттасты.