ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЖАС ДАРЫН

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру ғылыми-практикалық орталығынан шыққан барлығы 602 оқушы қатысты.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Бахытжан Даниярбек Құқық негіздері пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола медаль мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломына ие болды.
Даниярбектің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Абджалиевті де кезекті жеңісімен құттықтай отырып, дарынды шәкірттерді тәрбиелей беруіне тілектестігімізді білдіреміз!
