СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар жергілікті баспасөзде жарияланып тұрады.
Аталған басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, басқарманың жылдық жоспарына сәйкес басқарма қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге жыл басынан бері тұрақты түрде әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда семинар-отырыстар, «дөңгелек үтелдер» өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, өткен жылы басқарма тарапынан ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен басқармамен әзірленетін регламенттері жөнінде енгізілген өзгерістер және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының алдында заңнама талаптарының сақталуын түсіндіру бойынша Қызылорда қаласының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері қызметкерлеріне әр тоқсан сайын семинар-отырыстар өткізілді. Онда басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген регламенттерінің сақталуын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың алдында Әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, басқарма басшысының орынбасарының төрағалығымен басқарманың қызметкерлеріне Әдеп нормаларын қатаң сақталуы жөнінде тоқсан сайын жиналыс-отырыстар өткізілді. Онда, басқарма қызметкерлеріне жұмыс барысында әдептілік сақталуын, өздерінің адамдармен сыпайы тіл табысуын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін әр дайым қамтамасыз етуі туралы тақырыптар қозғалып, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметші болғандықтан өзін заңға сәйкес ұстауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы басқарманың ресми интернет ресурстарына орналастырылған.
Бұған қоса, басқарма басшысының төрағалығымен қызметкерлер арасында басқарманың орындаушылық және еңбек тәртібі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жиналыс-отырыс өткізіліп, Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуы түсіндірілді.
Басқарманың ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі бас медиа-жоспарына сәйкес, басқарма қызметкерлері аудандарға іс-сапармен барып, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген субсидиялары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарының сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында «Фэйсбук» әлеуметтік желісі арқылы және басқарманың ресми интернет сайтында сонымен қатар, жергілікті баспасөз құралдарына мақалалар жариялап, теледидар арқылы сұхбаттар берілді. Сондай-ақ, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында құқықтық оқу жиналыстары 15 рет өткізілді.
Жиналыстарда басқарманың құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде баяндамалар жасап, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыруда. Сонымен қатар, Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы дәріскерлерінің қатысуымен «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне осы жылдың 27 ақпан 2-наурыз күндері аралығында құқықтық оқытулар жүргізілді.
Құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Бюджет кодексіне» енгізілген өзгерістер бойынша баяндамалар жасалды.
Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болар, аталған басқармада өткен жылы сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.Алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Б. ЖАХАНОВ,
Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы