ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ ОБЛЫСТАРЫНДА ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5-8 желтоқсан күндері Қазақстанның басым аумағында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін және 6 желтоқсан күні түнде қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 7-8 желтоқсанда түнде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді. 6-7 желтоқсан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады, желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Сынап бағанасы 26-31, кей жерлерде 34 градус аязды көрсетеді. Ақтөбе облысында 20-25, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 16-21, кей жерлерде 24, Маңғыстау облысында 10-15, кей жерлерде 20 градусқа дейін төмендейді.
7 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады, 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 8 желтоқсанда ауа температурасы түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ Алматы облысында құбылмалы күн райына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Үшарал – Достық» автожолы (83-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. «Алматы – Өскемен» тас жолы (426-558 км, көктайғақ) учаскесінде және «Алматы – Өскемен» автожолы учаскесінің 78-259 км аралығында, Қапшағай бекетінен Талдықорған қаласына дейін жүк көліктері үшін қозғалыс жабылды.