БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Қызылордалық прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарына арналған жаңа оқулық кітап шығармақ.
«Астана» телеарнасы хабарлағандай, басылымда "Протон" зымыран-тасығыш құлаған жағдайда, қандай әрекеттер жасау керектігі нақтыланған. Жаңа кітапшада апат орын алғанда, жергілікті тұрғындарды жедел көшіру, басқа елді мекендердің халқын құлағдар ету сынды іс-қимылдар кезең-кезеңімен көрсетілген. Апат салдарын жоюға қатысушылардың қауіпсіздігі де қамтылған.
Авторлардың айтуынша, бұл еңбек Бас прокуратурадан оң бағасын алып үлгерді. Аталған мәселе көптен бері жергілікті халықтың бас ауруына айналған. 2007 жылы зымыран Жезқазған маңында құласа, 2013-тің шілдесінде көкке көтерілген соң, бірнеше минуттан кейін кезекті зымыран омақасты. Биылғы жылдың 11 мамырында да осыған ұқсас жағдай тіркелген.
Әзірге электронды нұсқасы дайындалған басылымның шартты атауы "Протон зымыран-тасығыштың құлау жағдайындағы іс-қимылдар" деп аталады.