«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ- 2018» АТАҒЫН АТЫРАУ АРУЫ ИЕЛЕНДІ
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан аруы 2018» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Сонымен, «Қазақстан аруы» атағына Атырау өкілі, 16 жасар Альфия Ерсайын лайықты деп танылды. Ол бүгінде Атырау гуманитарлық коледжінің студенті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанадағы финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Байқау барысында қазылар алқасы финалға шығатын тек 5 аруды іріктеді. Олардың арасында Динара Баймұратова (Семей,17 жаста), Сабина Әзімбаева (Алматы, 18 жаста), Маймуна Күлкешева (Астана, 19 жаста), Альфия Ерсайын (Атырау, 16 жаста), Екатерина Дворецкая (Карағанды, 19 жаста) бар.
Бұдан кейін еліміздің бірінші аруын дәстүрлі түрде Қазақстан халқы тікелей эфир арқылы өткізілетін онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Нәтижесінде, басым дауыс жинаған «Қазақстан аруы-2018» байқауының жеңімпазы атанды.
Бірінші вице-мисс атағын Е. Дворецкая алса, екінші вице-мисс болып М. Күлкешева танылды. Үшінші вице-мисс атағына Д. Баймұратова ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық финалды Жаңа жыл қарсаңында өткізудің қалыптасқан дәстүріне қарамастан, биыл «Қазақстан аруы» алғаш рет ұлыстың Наурыз мерекесі күндерінде өткізілді. 22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы - 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған еді.
Атап айтқанда, биылғы байқаудың ұйымдастырушылары жаңа форматты таңдады. Осы орайда жаңа буынды Ұлы Даланың ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын тануға, құрметтеуге және сақтауға екпін қойылды.
«Жастарға бұл мерекені жаңа әрі заманауи форматта көрсете отырып, олардың назарын мәдени түп-тамырымызға аудартқымыз келеді. Заманға сай, әлемдік трендтерден хабардар, өзінің шыққан түп-тамырына құрметпен әрі сүйіспеншілікпен қарайтын Қазақстан қызының жағымды бейнесін қалыптастырғымыз келді», - деді жобаның fashion продюсері Сәкен Жақсыбаев.
СМС-дауыс беруден және «Қазақстан аруы - 2018» байқауының ұлттық финалына сатылған билеттерден түскен қаражаттың бәрі Астана қаласының қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады.
«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы ақшалай жүлде алады, люкс брендтерімен көптеген жарнама келісімшарттар жасайды және «Әлем аруы 2018» сияқты беделді байқауда Қазақстан Республикасының намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.