БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БИІК МӘРТЕБЕ
Білім жолы – қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Ал, осы білім жолына жетелейтін – ұстаз.
“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі” деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық десе де болады. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иелерін тәрбиелейтін, оқытып, үйрететін мейірімді жандар. Ұстаздың алдынан өтпейтін жан жоқ. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан еңбек адамы да, көк күмбезден әрі асқан ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім-тәрбие алады. Ол берген тәрбие болашаққа жол сілтер шамшырақ секілді. Бала жастан білім нәрімен қалай сусындасаң, келешекке сол жиғаныңмен қадам басасың. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғымы болса, оның бірі – ұстаз.
Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің бойына бар асыл қасиеттерді ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен білімпаздықты жия білген білікті мамандар ауданда да көптеп саналады. Ауданымыздың білім бәйгесінде мерейін асырып, талай-талай белестерді бағындырып, ҰБТ қорытындысымен бірнеше жыл қатарынан алдыңғы үштіктен көрінуі ұстаз еңбегінің жемісі. №202 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжанат Кеңесбаеваның да шәкірттері білім жолында ұстаз еңбегінің, ата-ананың үмітін ақтап жүр. Гүлжанат Орынбекқызы оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген, кәсіби біліктілігін арттырумен қатар талай жетістіктерге жетіп жүрген ұлағатты ұстаз.
– Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік таным біліктілігін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Әрине, оңай жұмыс емес. Алдыңа әр үйдің еркесі келгенде бәрінің назарын өзіңе аудартып, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін біраз еңбектену қажет. Дегенмен, мен өз мамандығымды сүйемін. Қанша жылдан бері көптеген балапандардың қанатын қатайтып, өміріне жететін рухани азық пен тәрбие беріп үлкен өмірге аяқ¬тандырдым. Өз іс-тәжірибемде күн сайын білім берудегі жаңаша түр¬лі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу¬¬шыларды оқу-танымдық, шығар¬мବшылық іс-әрекетке ынталандырып¬ және әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасаймын. Мұғалім деген ардақ атты иеленіп, арқалап жүргеніме өзім¬ді бақытты санаймын, – дейді Гүлжанат Кеңесбаева.
Бүгінде білікті ұстаз өзі сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнін терең меңгерген, теориялық білімін күнделікті әрбір сабағында іске асырып, тәрбие мен білімді қатар ұштастырып отырған, шәкірттерін жоғарғы биіктерден көрсетіп жүрген маман. Сонымен бірге, ол білім жетілдіру курстарынан да өтіп, өз білік деңгейін жаңартып отырады. 2015 жылдың 22 тамыз – 21 қараша аралығында «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту» курсы, 2017 жылдың 2 – 22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша көшпелі курсы, 2017 жылы қараша айында «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы «Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы мен тиімділігі» көшпелі курсынан өтті. Бұдан бөлек, 2014 жыл Қызылорда облыстық Білім басқармасы, Облыстық оқу орталығының (Әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда Кембридж әдістемесінің тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, «Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш» тақырыбындағы ашық сабағы үздік деп танылып, арнайы сертификат иеленді.
Қиын да қызығы мол ұстаздық жолды таңдаған тәжірибелі маманның алға қойған мақсаты айқын. Г.Кеңесбаева үнемі ізденіс үстінде жүретін тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі әртүрлі жарыстарға барып, жүлдемен оралып келеді. Мәселен, 2015 жылы Ж.Тағыберген жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін ғылыми жобалар жарысының І (аудандық) кезеңінде «Тіл білімі» секциясы бойынша ІІ орын иеленсе, 2016 жылы ІҮ Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша С.Жаңаберген ІІ орын алған. 2016 жылы аудандық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тақырыбындағы эсселер байқауында Жаңаберген Бағдат ІІ орын, 2017 жылы жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушылары арасындағы «Ұлт тарихындағы ұлы белес» атты ақындар мүшәйрасында Есқара Бағлан І (аудандық) кезеңінде І орын, ІІ (облыстық) кезеңінде жүлделі ІІІ орын, 2017 жылы «Алаш сенген жастар» ІІ Республикалық жас ақындар мүшәйрасының І орын иегері атанған. Сондай-ақ, 2018 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында өткен «Көк тудың желбірегені...» атты республикалық көркем сөз байқауында шәкірттері Есқара Бағлан мен Смағұл Дінмұхаммед лауреат атанып, ІІ дәрежелі диплом иеленген.
Иә, расында ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеткен жетістігімен бағаланады десек, Гүлжанат Орынбекқызының жүлделі болған әрбір оқушысы ұстазының мәртебесі, мерейі. Қазіргі таңда көптеген шәкірттері аяулы ұстаздың тәлімі мен тәрбиесін алып, алтын ұясынан түлеп ұшып, арман-мақсаттарына қол жеткізіп, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет жасап жүр. Жүрегі шәкірт деп соққан ұстаз отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана. Талай шәкіртті өмір жолына қанат қақтырған ұстаз – қазірде өмір талабына сай көп ізденіп жүреді. Өзі білім беретін мектепке келген әрбір жас маманның ақылшы ұстазы, жол сілтейтін бағдаршамы іспетті. Осындай жүрегі мейірім мен жылылыққа толы, бала бойын білім нәрімен сусындатып, ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды ұштастыра білетін нағыз маман иелерінің қатары көбейсін демекпіз.
Н.АЛМАС.