МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ
Мен 2015 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Арал қаласынан 125 орындық жеке балабақша аштым. Онда 35 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақша бүлдіршіндері үш тілде тәлім алып жатыр.
Өңірлік инвестициялық қордан балабақшаны жабдықтау үшін 7 пайызбен 10 миллион теңге несие алдым. Несие алу барысында ешқандай кедергі болмады. Сондықтан кәсіп бастағалы жүрген азаматтарға несие алып, кәсіп бастауға кеңес беремін. Алдағы уақытта осы несиені жауып, қайта алып, бизнесті дамытқым келеді. Мен үшін бұл өте тиімді және мүмкіндігі зор бастама болды.
Туби ИБРАЕВА
Арал ауданының кәсіпкері