ӨРЛЕУДЕГІ «ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ»
Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Кез-келген елдің бәсекеге қабілеттілігі – ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады» деп, қазіргі уақыт талабы білім беру жүйесіне үлкен жаңашылдық пен зор міндеттерді жүктейтініне тоқталған болатын.
Қоғамның сұранысы мен уақыт ағымынан туындаған мәселелер мұғалімдер алдына шексіз ізденіс пен шығармашылық табыстарды молайтып, мақсатқа жетудің нақты жолдарын қарастыруды талап етеді.
«Өрлеу БАҰО» Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты уақыт ағымы туындатқан осындай талаптардың үдесінен шығуда маңызы зор, нақты жұмыстарды қолға алып, нәтижелі істерге қол жеткізіп келеді. Сондай жұмыстардың бірі – шығармашылық пен жұмыс жасайтын мұғалімдердің облыстық «Тәжірибе алаңы».
Облыстық тәжірибе алаңы 2002 жылдан бастап өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Оның негізгі мақсаты мен міндеті – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге кәсіби, жан-жақты қолдау көрсету, олардың озық тәжірибелерін жинақтау, зерттеу және тарату.
Тәжірибе алаң жұмысы әр жылдың қаңтар айында Жаңақорған емдік шипажайында ұйымдастырылып, өткізу дәстүрге айналған.
«Тәжірибе алаңы» жұмысы барысында институттың тәжірибелі тренерлері қатысушыларына әдістемелік көмек ретінде кәсібилік көрме, шеберлік сыныптары, брейн-ринг, идеялар аукционын, үздік панорамалық сабақ байқауын өткізеді. Оқу үдерісінде түрлі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауға, оқу сапасы туралы қорытынды жасай білуге қол жеткізуін үйретіп, бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында пән бойынша топтық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ семинар, конференция, дөңгелек үстелдер және басқа да танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай іс-шаралардың барлығы облыстық тәжірибе алаңының жұмысының нәтижесі, инновациялық дамуды таратуы, оны қолдауы деп түсінеміз.
Тәжірибе алаңына қатысушы 100 педагог өз ойларын ортаға салып, ізденістері мен шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, ашық сабақтар өткізіп, өзара тәжірибе алмасып, білімді жетілдірудің, жеткен жетістіктерді оқу үдерісінде тиімді қолдана білудің жолдарын қарастырады.
Биылғы жылдың ерекшелігі алаң жұмысы барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы іс-шаралар көп қамтылды.
Жанар БЕРЖАНОВА,
Инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы