МҰҒАЛІМДЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастырумен өткен жиында білім саласы қызметкерлері латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кеңінен талқылады.
Бұрын криллицада қазақ тілі 42 әріппен таңбаланатын. Ал латын әліпбиіндегі әріп саны – 32. Яғни, жаңа әліпбиде 10 әріп қысқарып тұр. Бұл біздің тілімізге әртүрлі кезеңдерде кірген дыбыстар болатын. Қазақ тілінің төлтумалығын бұзатын, табиғи қалпын өзгерткен мұндай дысытардан дер кезінде арылып отырмыз. Ендігі жерде ана тіліміз өзінің бұрынғы қалпын сақтап, түп негізіне қайта оралатын болды дейді ұстаздар. Сонымен қатар, өңір педагогтері бұл үлгінің тиімділігі апострофтардың болмауында екенін айтады.
- Қоғамның әрбір тынысымен тыныстап отырған ұстаздар қауымының бірі әрі өзім тіл маманы болғандықтан,әліпби ауыстыру мәселесіне бейжай қарай алмадым. Бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға деп санаймын. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен, ерекше мән бере қарағанымыз жөн деп білемін. Латын әліпбиін үйреніп алу да аса қиындық туғыза қояды деп ойламаймын, - деді Жаңақорған ауданындағы №169 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Динара Қалжанова.
Әліпбиді жан-жақты талқылап, жарыса баяндама жасаған ұстаздар жиын барысында латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен байланысы одан әрі арта түсетінін жастардың санасына сіңіруде бір ауыздан жүйелі жұмыс жасайтындықтарын айытып тарқасты.