ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АТЫС: ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен азамат өміріне қауіпті жарақат алып, қайтыс болды.
«Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте "іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалуы. 4-дəрежелі геморрагиялық шок» деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз- қызметі.
Естеріңізге салайық, 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында төбелес орын алды. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеген болатын.