МЕРЕКЕДЕГІ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде жазасын шаруашылық қызметінде өтеп жатқандарға арналған «Ашық есік күні» өтті.
Іс шараны ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев ашып, жазасын өтеушілердің туыстарына ұлтымыздың мерейі өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін деп жылы лебізін жеткізді.
Шара барысында сотталғандардың туыстары олардың жататын жатақханасын аралап көрді. Бұған қоса, тамақтану, медициналық көмек көрсету, спорттық мәдени іс-шаралар өткізілетін орындарды назарға алды. Жазасын өтеушілерді туған туыстарымен кездестіру олардың қарым-қатынастарын нығайтуға және бостандыққа, қоғамға сіңісуіне оң әсерін тигізеді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.