«КӨКТЕМ ЛЕБІ» СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Көрмеге Қызылорда облысының жас суретшілері – Рүстем Әлжан, Дәулет Тойшыбаев, Жадыра Палымбетова, Дулат Айтбаев және Нұрлан Мажихановтардың қолынан шыққан 60-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылды.
Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің ерекшелігі – халықтың рухани дәстүрлерімен байланысты үзбеуінде, стилистикалық өзгешелігінде, бояулар көрінісінің құрылымдық жүйесінде. Сыр суретшілеріне символизм мен жалпылылық, колориттік шешімінің ерекше белсенділігі мен ширақтығы тән.
Бүгінде көрмені қала тұрғындары мен қала қонақтары тамашалауда.Айта кетейік, көрменің ашылу салтанатында жас суретшілерге Қазақстан Суретшілер Одағының мүше болғанын растайтын күәлік тапсырылды.