АРАЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Бүгін «Ақмешіт» музей филиалында Арал Халықаралық Қорының 25 жылдығына орай «Арал тағдыры – ел тағдыры» атты ұйымдастырылған фотокөрмеге экскурсия жүргізілді.
Көрменің мақсаты – Арал теңізінің бұрынғы, қазіргі және болашақтағы жай күйі, Арал теңізін қорғаудағы басты мәселелер туралы мағлұматтар беру.
Оған Арал теңізін зерттеуші, зоолог, теңізші-саяхатшы, географ, мамандарының суреттері мен архивтік құжаттар қойылды. Сонымен бірге орыс халқының ұлы жазушысы, ақыны Т.Шевченконың Райым бекінісі Сырдария суатының көрінісі 1848 жылғы суреттерінің көшірмелері қойылды.
Шараға белгілі ғалым Нариман Қыпшақбаев, қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов, Арал Халықаралық қорының төрағасы Болат Бекнияз, эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатыров, Нәжмадин Мұсабаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Көрме соңында қонақтар музейдің «Құрмет» кітабына өздерінің музейден алған әсерлері мен ыстық лебіздерін қалдырды.