ОТАНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды құқықытық қамтамасыз ету және зияткерлік меншік құқығын қорғау» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі.
Кездесудің мақсаты – ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған шараларды жасау және қабылдау.
Дөңгелек үстелдің жұмысынаҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті төрағасының орынбасары Л.А.Құсайынова, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің өкілдері, технологияларды коммерцияландыру орталықтарының қызметкерлері және университет атынан технологияларды коммерцияландыру орталығының жетекшісі Шілдебаева Ляззат Қадырбекқызы қатысты.
Жиында зияткерлік меншік және ғылыми – техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру салаларында заңнаманы жетілдіру проблемалары талқыланып, «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тұжырымдамасының тұсаукесері өткізілді.