САМБО: МӘСКЕУДЕГІ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 8 ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Мәскеу қаласында самбодан мәреге жеткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы жарысында қазақстандық балуандар сегіз жүлдеге ие болды.
Осы күрес түрінің негізін қалаушылардың бірі Анатолий Харлампиевті еске алуға арналған турнир биыл 35-інші рет ұйымдастырылды. Самбо күресінің 80 жылдығы аясында өткен айтулы додаға әлемнің 28 елінен 300-ден астам балуан қатысып, бақ сынады.
Айтулы додада жерлесіміз Ғалымжан Әбдірахманов 74 кг салмақта күміс жүлдегер атанды.