МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА САЙЛАУ ӨТТІ
Кеше облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Оның қорытындысы жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Сайлау облыстың үш ауданында, атап айтқанда Арал, Сырдария, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында өткізілді. Аталған сайлауға 1-облыстық, 3-аудандық, 1-қалалық аумақтық, 3 аудандық және 1 қалалық округтік, 11- учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. Сайлауға дауыс беруге, сайлаушылар тізіміне енгізілген 15704 сайлаушының 11971 немесе 76,2 % қатысты.
Нәтижесінде Арал аудандық мәслихатына Талғат Қанатов сайланды. Талғат Мырзағұлұлы, 1976 жылы туылған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Арал қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Сырдария аудандық мәслихатына Сейткамал Сұлтанов. Ол 1973 жылы туылған, қазақ, «Мәди Қажы» ЖШС-ң директоры, Шіркейлі ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Шиелі аудандық мәслихаты: Мұханбетжан Салқынбаев. 1969 жылы туылған, қазақ, «Семізбай-U» ЖШС-і «Иркөл» филиалының директоры, Гигант ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қызылорда қалалық мәслихатына Муса Абдуқалықов сайланды. Муса Жақыпұлы, 1963 жылы туылған, қазақ, «Астана сервис ЛТД» ЖШС-ң бас директоры, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 51 байқаушы қатысты, олардың ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден - 12, ақпарат құралдарынан - 10 және депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген өкілдері- 29. Сайлау науқаны мен дауыс беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сондай-ақ сайлаудың нәтижесі бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.