АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ – АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРУ
Өткен жылы облыста Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы ұйымдастырылған болатын. Арал мәселесіне әлемдік қауымдастық назарын аударуға бағытталған форумда Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» болып жарияланды. Биыл осы атаулы датаға орай облыста бірқатар шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Шәменов хабарлады.
– Осыдан 25 жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен Орталық Азия елдерінің Президенттері өңіріміздегі саммитте бас қосып, Арал теңізі мен Арал маңының экологиялық сауықтырылуын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешу үшін Халықаралық Аралды құтқару қорын құрды. Қор бүгінге дейін шекарааралық су ресурстарын сақтау, пайдалану және кешенді басқару мақсатындағы келісімдерді дамытуда саяси платформа болып келеді. Биыл аталған қордың 25 жылдығына орай өңірде бірқатар бастамалар қолға алынып отыр. Облыс әкімдігі мен Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы дирекциясының бірлескен жоспарына сәйкес, «Арал теңізінің экологиялық ахуалы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Арал – ел тағдыры» фотокөрмесі, «Әлем назары – Аралда» атты кітап көрмесі мен «Жоқтау... Жиырма жыл өткенде» деректі фильмін көпшілікке ұсыну жоспарланды, – деді Б.Шәменов.
Жиында Халықаралық Аралды құтқару қоры Қызылорда филиалының сарапшысы Ермек Айтбанов осыған дейін қордың теңізді құтқару бағытындағы бастамаларға біршама үлес қосқанын жеткізді. Алдағы уақытта да Аралға қатысты үлкен жобалардың жүзеге асатынына сенім білдірді.
Халықаралық Аралды құтқару қорының
25 жылдығы және 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» бойынша
Қызылорда облысында өткізілетін шаралар
25 жылдығы және 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» бойынша
Қызылорда облысында өткізілетін шаралар
26 наурыз (дүйсенбі)
Арал ауданында өтетін шара:
10:00 – 11:00 - Ағаш отырғызу рәсімі. (Арал қаласы, Рәміздер алаңы).
11:30 – 13:00 - Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және 26 наурыз - «Арал теңізінің күніне» арналған шара
Қызылорда қаласында қатар өтетін шаралар:
09:30 – 10:30 -Ағаш отырғызу рәсімі. (Қызылорда қаласы, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ)
11:00 – 12:30 -«Арал теңізінің экологиялық ахуалы» тақырыбында дөңгелек үстел. (Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі)
15:30 – 16:30 - «Арал – ел тағдыры» атты фотокөрме. (Қызылорда қаласы, Ақмешіт музейі)
16:30 – 17:00 -Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысымен танысу.
«Әлем назары - Аралда» атты кітап көрмесі. (А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі).
17:00 – 18:30 -Режиссер С. Азимовтың «Жоқтау... Жиырма жыл өткенде» деректі фильмінің көрсетілімі
(А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі).