ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында «Жас келсе, іске!» атты үздік жас мамандар сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – жас педагог мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс жасауға бағыттау.
Үздік жас мамандар сайысына Қазалы, Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр, Қызылорда қаласындағы іргелі 16 оқу орындарының 16 жас маман өзара бақ сынасты.
Сайыстың әділ қазылар алқасы құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ш.Бекенов, облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік оқу орталығының әдіскері Ж.Бексейтова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Б.Боранбай және университеттің доценті К.Қамзаева болды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жас маманы А.Нурманова, ІІ орынды Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жас маманы А.Досболов, келесі жүлделі орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жас маманы Қ.Жукешев иеленді. Сонымен қатар «Ізденімпаз, зерттеуші-оқытушы», «Жаңашыл-ұстаз», «Белсенді-ұстаз», «Оқытушы-тәрбиеші», «Сегіз қырлы – бір сырлы ұстаз» номинациялар бойынша сайыскерлер марапатталды.