ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІГІ МЕН ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ҚАР ЖАУАДЫ
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғады, ал Алакөл көлдері ауданында оның күші 20-25, екпіні 30 м/с-ке дейін жетеді. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғып, желдің күші 15-22 м/с-ті құрайды. Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді, боран соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, түнде боран болып, тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында түнде тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарында боран соғып, күндіз 15-20 м/с жел соғуы мүмкін. Сондай-ақ Алматы облысында құбылмалы күн райына байланысты «Үшарал - Достық» автожолында (83-184 км) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Кеше сағат 19:30-дан бастап «Алматы - Өскемен» тас жолы учаскесінде (426-558 км) жүк көлігі үшін қозғалыс тоқтатылды. Жамбыл облысында кеше сағат 17:10-ден бастап «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы учаскесінде (528-593 км) «Шалақорған-Шаян» бағытында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елордада көшпелібұлт шығып, түнде және таңертең қар жауады, боран соғады деп болжануда, ауа температурасы -16...-18°C құрайды. Алматыда сынап бағанасы 0...-2°C.төмен түседі.