АЛЬВАРЕСТІҢ КОМАНДАСЫ ГОЛОВКИНГЕ СЕС КӨРСЕТУДЕ
Мексикалық Сауль Альварестің мүддесіне өкілдік ететін Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкиннің пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Казинформ Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
Геннадий 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтіргенін бұған дейін жазған едік. Қазақстандық боксшы сондай-ақ мексикалықтың промоутері, бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Оскар де ла Хойяны да допинг қолдануда айыптаған болатын.
«Головкин бұл сөздерді өз-өзіне сенімсіз болғандықтан және жекпе-жектен бас тарту мақсатында айтқан сияқты. Егер ол жұдырықтасқысы келмесе, солай айтсын. Оның айтқан сөздері өткен аптада білдірген пікіріне қарама-қайшы. Оның «инъекция іздері» туралы және Де ла Хойяның атына айтылған пікірлері мен өзге де мәлімдемелеріне қайран болдым. Бұл - жала жабу және біз сәйкес шаралар қолданамыз. Екі апта бұрын Том Леффлермен керемет кездесу өткіздік. Бірақ, Том Абель Санчестің үстінен қандай да бір бақылау жүргізе алмайтын сияқты. Егер Геннадий осындай нәрселер айтса, демек ол жекпе-жекті уайымдап отыр. Егер ол жұдырықтасқысы келмесе, барша жұрттың алдында соны айтсын», - деді Эрик Гомес Boxingscene.com-ге берген сұхбатында.